Хабар телеарнасы

Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Марат Ахметжановты қабылдады

Ол Норвегия Корольдігіне жұмысқа орналастырамын деген желеумен Қазақстанның 123 азаматын алдап, 149 миллион теңгеден астам көлемде залал келтірген. Күдікті кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Бұл туралы Мемлекет басшысының қабылдауында болған Ішкі Істер министрі Марат Ахметжанов айтып берді. Президентке еліміздегі криминогендік жағдай, ішкі істер органдарының биылғы бірінші жартыжылдықта атқарған жұмыстарының нәтижелері жөнінде мәлімет  берілді.

Министрлік полиция тергеуінің видеоформатын енгізу мәселесін пысықтап жатыр. Сондай-ақ қылмыстық процесті цифрландыру ісі жалғасуда.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі істер органдарын цифрландыру, жол апаттарының алдын алу жұмыстарын жандандыру маңызды екенін атап өтті. Сонымен қатар министрге қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті одан әрі қамтамасыз ету жөнінде бірқатар міндет жүктеді.