Хабар телеарнасы

Ақтауда «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясының өкілдігі ашылды

Орталықта жұмысшылардың әлеуметтік, еңбек мәселелері, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері қаралады. Бұл туралы Президенттің қабылдауында болған «ҚазМұнайГаз» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы айтты.

Мағзұм Мырзағалиев Маңғыстау облысындағы әлеуметтік тұрақтылықты сақтау үшін жүргізіліп жатқан жұмыстар мен мұнай-газ химиясы саласындағы жобалар жөнінде де ақпарат берді. Атырау облысындағы полипропилен шығаратын зауытты тамыз айында іске қосу жоспарланып отыр. Кездесу соңында Мемлекет басшысы бірқатар тапсырма берді.

Мағзұм Мырзағалиев, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы:

 - Жыл басынан бері Өзен кен орнындағы мұнай өндіру өкінішке қарай жоспарлы көрсеткіштен төмен болып отыр. Яғни күн сайын біздің мұнай өндіру көлемі 1000-1200 тоннаға төмен. Сондықтан осы бағытта біз қазір жұмысты күшейте бастадық.