Хабар телеарнасы

Президент Астана және Қазақстан митрополиті Александрды қабылдады

Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев православ шіркеуінің елде бірлік пен келісімді нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалады.

Сосын қыркүйек айында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі өтетінін айтты. Оның басты тақырыбы – адамзаттың пандемиядан кейінгі кезеңдегі рухани және әлеуметтік дамуында діни көшбасшылардың атқаратын рөлі.

Ал митрополит Александр Мемлекет басшысына кездесуге мүмкіндік бергені үшін алғыс білдіріп, елдегі реформаларды қолдайтынын жеткізді.