Хабар телеарнасы

ҚР Президенті Koç Holding компаниясының басқарма мүшесі Али Кочты қабылдады

Али Кочтың айтуынша, түркиялық холдинг қорғаныс өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы саласында бірқатар жобаны жүзеге асыруға ниетті. Мемлекет басшысы Түркиямен арадағы ынтымақтастықтың еліміз үшін аса маңызды екеніне тоқталып, Қазақстанда жұмыс істейтін инвесторларға мемлекет тарапынан әрдайым қолдау көрсетілетінін айтты.