Хабар телеарнасы

Қ. Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Олжас Бектеновті қабылдады

Бұл жөнінде Президенттің қабылдауында болған Агенттік төрағасы Олжас Бектенов айтты. Сондай-ақ Мемлекет басшысына парақорлар келтірген шығынды өтеу шаралары жөнінде ақпарат берілді. Оның ішінде елден заңсыз жылыстатылған қаржы активтерін қайтару туралы да айтылды. Олжас Бектеновтің мәліметінше, аталған шаралар аясында халықаралық ынтымақтастықты кеңейту жұмыстары жалғасуда. Қазақстанның Еуропа кеңесінің сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілік жөніндегі конвенциясына қосылуы, жемқорлардың көлеңкелі табыстарын ашу ісіндегі тиімді әдістердің бірі болмақ.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жұмысын күшейтуге қатысты бірқатар тапсырма берді.