19:00Эфирде: Қорытынды жаңалықтар. Біздің мақсат
20:00Әрі қарай: Тұсаукесер! "Келінжан 4"
+7 (7172) 757 555
sale@khabar.kz

IT-кластерді дамыту қазақстандықтар үшін жаңа экономикалық мүмкіндіктер ашады

  • Категория: Саясат
IT-кластерді дамыту қазақстандықтар үшін жаңа экономикалық мүмкіндіктер ашады

Алматыға жұмыс сапары аясында еліміздің Премьер-Министрі Әлихан Смайылов қаланың IT-кластерінің, медициналық және білім беру салаларының дамуымен танысты.

Алматыда шағын және орта бизнес субъектілері көп шоғырланған. Ендігі мақсат – сол бизнес пен жаңа технологияларды ұштастыру. Үкімет жетекшісінің әуелі MOST IT Hub Almaty инновациялық кәсіпкерлікті дамыту орталығына баруы да сондықтан. Орталықта технологиялық стартаптарды қолдау, инвесторлар мен венчурлік қор өкілдерінің қатысуымен тақырыптық іс-шаралар өткізіледі.

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі:

- Қазір біз мемлекеттің барлық ақпараттық жүйесін цифрлық технологияларға көшіруді көздеп отырмыз. Мүмкіндік көп. Хабтың қатысушыларына жақсы жағдай жасалды. Барлық салықтан босатылған. Тек жұмыс істеу керек.

Бұл – ересектер мен балаларға амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін Mediker Hospital International орталығы. Орталық заманауи диагностикалық медициналық құралдармен жабдықталған. Нысан толықтай жеке инвестицияның есебінен жүзеге асқан. Қалаға жұмысшы мамандар да көп керек. Сол мамандардың бірқатары Алматы жолаушылар көлігі және технологиялар колледжінде дайындалады. Оқу тегін әрі шәкіртақы беріледі. Қазір мұнда 850 бала білім алады. 

Сейітбек Сүлейменов, Алматы жолаушылар көлігі және технологиялар колледжінің директоры:

- Колледж ашылғаннан бастап дуалды оқу жүйесі жұмыс істеп тұр. Біздің ең алғашқы серіктесіміз – «Алматыэлектротранс». Ол мекемеде автобустар, троллейбустар бар. Токарь, дәнекерлеу мамандықтарымен қатар, қалалық жолаушылар таситын көліктерге қызмет көрсету және жөндеу қызметі де бар.

Колледж «Жас маман» бағдарламасы бойынша соңғы үлгідегі қондырғылармен жабдықталған. Бұл теория мен тәжірибені ұштастыруға мүмкіндік беріп отыр. Студенттердің токарлық, фрезерлік жұмыстар, автомобильдерді жөндеу және қызмет көрсету бойынша Worldskills қалалық және республикалық чемпионаттарындағы жеңісі – соның дәлелі.

Авторлары: Ұлан Нарынбек, Валентин Лобанов

Сондай-ақ...