Хабар телеарнасы

ҚР Президенті: Төл тарихымызда ұлт тағдырын шешкен құрылтайлар болған

Халықтың көкейіндегі өзекті мәселелер алқалы жиындар арқылы шешімін тауып отырған.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Бабаларымыз маңызды мәселелерді осындай алқалы жиында талқылаған. Халық өзара ақылдаса отырып, бір тоқтамға келген. Мұндай шешімдер бүкіл елді біріктірген. Төл тарихымызда ұлт тағдырын шешкен құрылтайлар болған. Оның көбі халқымыз үшін маңызды кезеңде өткізілген. Талас құрылтайынан кейін Алтын Орда дербес мемлекет болды. Қарақұм және Ордабасы құрылтайлары Алаш жұртымызды ел қорғауға ұйыстырды. Орынбордағы бірінші қазақ құрылтайында Алаш партиясы құрылды. Екінші құрылтайда Алаш автономиясы жарияланды.