18:00Эфирде: Новости. Итоги дня
19:00Әрі қарай: Қорытынды жаңалықтар. Біздің мақсат
+7 (7172) 757 555
sale@khabar.kz

Ұлттық мерекелер мен атаулы күндер тізбесіне бірқатар өзгеріс енгізіледі

  • Категория: Саясат
Ұлттық мерекелер мен атаулы күндер тізбесіне бірқатар өзгеріс енгізіледі

Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы өтті.

Ұлытау баурайындағы ұлы жиында Мемлекет басшысы бірнеше маңызды ұсыныс жасады. Республика күніне ұлттық мереке мәртебесі қайта беріледі. Ал Тәуелсіздік күнінің бастапқы мәні сақталады. Бұл күн басты мемлекеттік мереке болып қала береді. Бірақ тәуелсіздік алуға зор үлес қосқан ұлттық батырларымызға деген тағзым күні ретінде атап өтілмек. Осылайша, ұлттық мерекелер мен атаулы күндер тізбесіне бірқатар өзгеріс енгізіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Ұлттық мерекелер мен атаулы күндер тізбесіне бірқатар өзгеріс енгізген жөн. Мен Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынамын. Сондықтан 25 қазан күні жыл сайын Егемендік күнін еліміздің басты мерекесі ретінде атап өтуіміз керек. 1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданды. Бұл еліміздің тәуелсіздік жолындағы тұңғыш қадамы болатын.

Сондай-ақ...