10:00Эфирде: Телесериал «Березка»
12:00Әрі қарай: Жаңалықтар
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

ҚР Президенті Қ. Тоқаев «Россия 24» телеарнасына сұхбат берді

  • Категория: Саясат
ҚР Президенті Қ. Тоқаев «Россия 24» телеарнасына сұхбат берді

Қ. Тоқаевтың Президент болғанына биыл үшінші жыл.

Осы аралықта көп оқиға болды. Арыстағы жарылыс, Мақтааралдағы су тасқыны. Одан соң бүкіл жер бетін жаулаған індет қыспаққа алды. Ал биыл жыл басында қаңтар оқиғасын бастан кешірдік. Осы кезде Президентке түрлі ақыл айтқан адамдар да болыпты.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Қаңтардағы қырғын кезінде ешқайда кетпедім. Президент резиденциясында болдым. Осында түнедім. Елімді тастап кету ойымда болған жоқ. «Ұшаққа немесе тікұшаққа отырып, елден кетіп қалыңыз» деген адамдар да болды. Бірақ олардың кеңесіне құлақ аспадым. Соңына дейін осында болдым.

Сол оқиға өткен мен болашақтың өтпелі кезеңіндей із қалдырды және өзгерістер мен жаңашылдыққа аяқ басу керек екенін ұқтырды. Ата Заңымызды өзгерту үшін референдум өткіздік. Суперпрезиденттік басқару түрінен президенттік-парламенттік жүйеге өтуге әрекеттеніп жатырмыз. «Ол дегеніміз – өкілеттілігі артқан Парламент пен елге есеп беретін Үкімет», – деді Президент. Сонымен қатар осындай оң игі істер болып жатқан шақта оған еш үйлеспейтін, алып-қашпа әңгімелер де тараған. Президент: «Мұның бәрі бос сөз. Қаңтар оқиғасы кезінде елімізге Ресей емес, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы көмек қолын созды», – деді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы, Ресей емес. Тағы да қайталап айтамын, бізге Ресей емес, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы әскер жіберді. Бірақ бұл ақпаратты Ресейдегі бәз біреулер бұрмалап жүр. Бұның бәрін шындыққа жанаспайтын бос әңгіме деп есептеймін. Қазақстан – Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының белсенді мүшесі. Әрі ұйымға өз тиімділігін көрсетуге мүмкіндігі бар.

Президент Қазақстан мен Ресей арасында мәңгілік достық туралы келісім барын еске салды. Мемлекетаралық достастық пен тығыз қарым-қатынас бүгінде сабақтасып келеді. «Мемлекет басшысы ретінде елдер арасындағы достық қатынасымызды одан әрі сақтауға бар күшімді саламын», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев сұхбат барысында.

Сондай-ақ...