Хабар телеарнасы

Қасым-Жомарт Тоқаев: Халық экономикалық өсімнің игілігін көруі керек

Үнемі осылай дейтін Президент елімізден заңсыз шығарылған капиталды жөнімен қайтару үшін арнайы құрылған ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді.

Мақсат айқын. Халықтан ұрланған активтерді елге қайтарып, әділдік орнату қажет. Бірақ басты мақсат – қылмыстық істердің санын көбейту емес, нақты іспен экономиканы сауықтыру. Мемлекет басшысы осы іспен айналысатын комиссияның қызметі жөнінде жұртшылық жүйелі түрде хабардар болып отыру керек екенін тапсырды.

Мемлекет басшысы өз сөзінде референдум ауқымды жаңғыртуларды жалғастыруға жол ашқанын атап өтті. Сондықтан елдің үмітін және сенімін ақтауға тиіспіз. «Тұрғындар экономикалық өсімнің игілігін шын мәнінде көруі керек», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.