Хабар телеарнасы

«Amanat» партиясының атқарушы хатшысы Асхат Оралов павлодарлықтарды референдумға белсенді қатысуға шақырды

«Amanat» партиясының атқарушы хатшысы Асхат Оралов Павлодар облысына барды. Жергілікті жастармен кездесуінде ол Ата Заңға енгізілетін түзетулер туралы айтып берді. Ал Баянауыл ауданының зиялы қауым өкілдерімен болған жүздесуде жергілікті тұрғындардың референдумға ұсынылған түзетулер туралы толыққанды хабардар екені айтылды. Ақсу қаласында ферроқорытпа зауытының жұмысшыларымен кездесу өтіп, саяси науқанның маңыздылығы туралы айтылды. Сонымен қатар ол Қазақстан халқы Ассамблеясы этномәдени бірлестіктерінің өкілдерімен, облыс жастары және спортшыларымен өткен кездесулерде азаматтарды референдумға белсенді қатысуға шақырды.

Асхат Оралов, «Amanat» партиясының атқарушы хатшысы:

- Сіздер үшін, мен үшін де осы референдум алғаш рет. Сондықтан да осы жауапкершілікті сезіне отырып, өзгерістерді қолдап, баршаңызды осы сәтті пайдалана отырып, референдумға белсенді қатысуға шақырамын.