Хабар телеарнасы

Алдағы референдумның түсіндіру жұмыстары БАҚ-та кеңінен қамтылды

Әлеуметтік желілерде де кең көлемде ақпарат беріліп жатыр. 500-ге жуық республикалық және өңірлік БАҚ-қа мониторинг жасалды. Күні бүгінге дейін заңбұзушылықтар тіркелген жоқ. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров атқарылған шаруаларды тілге тиек етті. Орталық сайлау комиссиясында өткен кеңеске бірқатар министрлік өкілдері қатысты.