+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Қ. Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетін реформалау туралы Жарлыққа қол қойды

  • Категория: Саясат
Қ. Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетін реформалау туралы Жарлыққа қол қойды

Бұл туралы біздің редакция Қорғаныс министрлігінен ресми түсініктеме сұраған еді. Жауапты мамандар медициналық тексеру аяқталған соң мәлімет береміз деп уәде берді.

Ал Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетін реформалау туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы осы ведомствоның сайтында жарияланды. Құжатқа сәйкес Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жекелеген мемлекеттік мекемелері қайта ұйымдастырылып, оңтайландырылған. Жалпы айтқанда жаңартылған құрылымы бекітілді. Мұндай қадамға баруға негізінен қаңтар оқиғасы себеп болды. Естеріңізде болса, сол кезде Ұлттық қауіпсіздік басшысы Кәрім Мәсімов «мемлекетке опасыздық жасады» деген күдікпен ұсталды. Сондай-ақ арнаулы органдағы лауазымды тұлғалардың кейбірі жалған ақпарат бергендігі де анықталды. Осындай былықтардан соң Президент ведомствоның қызмет форматын өзгерту мәселесін көтерді. Ол бойынша арнайы жұмыс тобы да құрылған болатын. Ұлттық қауіпсіздік комитеті реформаланғандығы жарияланды.

Сондай-ақ...