Хабар телеарнасы

Парламент Тұңғыш Президентке қатысты заңды қабылдады

Парламент жаңарған, түзетулер енгізілген «Республикалық референдум туралы» заң жобасын мақұлдап, Президентке жіберген болатын, жаңа ғана оған Мемлекет басшысы қол қойды. Айта кетсек, бүгін ғана бұл құжатқа түзетулер енгізіп, оны Мәжіліске қайтарған болатын. Нақтырақ айтқанда, сенаторлар осы заңның 3-ші бабының 2-ші тармағын мүлдем алып тастауды ұсынды. Онда: «Тұңғыш Президенттің мәртебесіне қатысты мәселелер референдумға шығарылмайды», – делінген еді. Бұл норманы алып тастауды Мәжілістің 96 депутаты түгел қолдады. 

 Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы:

- Тұңғыш Президентке қатысты нормаларды да олардың өзгеруін, олардың алып тасталуын референдумге шығара аламыз. Сондықтан бізде ертең осындай құқықтық қарама-қайшылықтар болмауы үшін осы референдум туралы заңнан Тұңғыш Президентке қатысты нормаларға байланысты баптарға өзгерістер енгіздік. Демек, бұл не деген сөз, референдумға Конституцияның Тұңғыш Президентке қатысты нормаларына байланысты да өзгерістерді шығаруға бұл құқықтық негіз қалыптастырады.