Хабар телеарнасы

Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті

Режеп Тайип Ердоған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлесу кезінде осылай деді.

Екі ел көшбасшылары бірін-бірі Ораза айт мерекесімен құттықтады және бауырлас қос халықтың өсіп-өркендеп, жетістікке жетуіне тілектестік білдірді. Президенттер сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мән бере отырып, қазақ-түрік стратегиялық серіктестігін дамытудың болашағын талқылады.