Хабар телеарнасы

Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар қабылдау өткізді

Нәтижесінде еліміз шетелге мұнайды бұрынғы көлемде тасымалдай алады. Мұны Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болған «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев айтты. Тағы бір жаңалық, Атырау облысындағы полипропилен шығаратын зауыттың құрылысы да бітіп қалды. Мемлекет басшысы еліміздің мұнай-газ химиясы саласын дамытудың аса маңызды екенін айтты. Бұдан бөлек, басқарма төрағасы Президентке ұлттық компанияның қазіргі жұмысы мен жағдайы, даму жоспары жөнінде есеп берді.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы «Amanat» партиясының атқарушы хатшысы Асхат Ораловты қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаев халықты толғандырған түйткілдерді шешуде партияның мүмкіндігі зор екенін атап өтті. Аймақтық филиалдар осы мәселеде негізгі рөл атқаруы тиіс. Мұнда «Ашық партия» тұжырымдамасы аясында «Talqylau» диалог алаңы іске қосылған. Асхат Оралов негізгі бағдарламалық құжаттарды, партия жанындағы қоғамдық кеңестердің қызметін, жергілікті жерлерде сайлауалды бағдарламаның орындалуы барысын баяндады. Президент өз кезегінде бастауыш партия ұйымдарының жұмысын жандандыруды тапсырды. Партияның жастар қанатын да жаңғырту маңызды.