Хабар телеарнасы

Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясы Корольдігінің тақ мұрагерімен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы корольдіктің тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман Әл Саудпен телефон арқылы сөйлесіп, осы жайында сөз қозғады. Тараптар екі мемлекеттің ынтымақтастығын дамытудың оң перспективаларын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев мұнай-химия, ауыл шаруашылығы, энергетика, қаржылық қызмет көрсету және туризм салаларының әлеуеті зор екеніне назар аударды. Ол Мұхаммед бен Салман Әл Саудты елімізге сапармен келуге шақырды. Тақ мұрагері шақыруды ілтипатпен қабыл алды.

Көшбасшылар бірін-бірі қасиетті Рамазан айымен де құттықтады.