Хабар телеарнасы

Мемлекет басшысы АӨСКШ Хатшылығының атқарушы директоры Қайрат Сарыбайды қабылдады

Қазақстан бұл кеңесті Азиядағы ынтымақтастық жөніндегі толыққанды халықаралық ұйымға айналдыруды көздеп отыр. Қайрат Сарыбай ұйымның жұмысындағы экономикалық өлшемді жандандыру мәселесіне тоқталып, жастар кеңесінің отырысын өткізуді жоспарлап жатқандарын жеткізді.

Мемлекет басшысы Қазақстанның аталған Кеңеске төрағалығының басымдықтарын тиімді жүзеге асырудың маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ алдағы саммит нәтижесі бойынша қабылданатын қорытынды құжат жобасын мұқият әзірлеу қажеттігін айтты.