Хабар телеарнасы

Президент Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовті қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңірдің биылғы үш айдағы даму көрсеткіштері мен алдағы жоспары және Президент тапсырмаларының орындалу барысы баяндалды. Әкімнің айтуынша, өңірге тартылған инвестиция көлемі 63,1 миллиард теңгеге жеткен.

Сонымен қатар биыл өңірде құны 100,5 миллиард теңге болатын 15 инвестициялық жоба іске асырылып, мыңнан астам жұмыс орны ашылады деп жоспарланып отыр.

Президент бағаны бақылауда ұстау, халықтың табысын арттыру, инвестиция тарту және мемлекеттік бағдарламаларды тиімді жүзеге асыру жұмыстарын жандандыру жөнінде нақты тапсырмалар берді.