Хабар телеарнасы

Бас прокурор Президентке қаңтар оқиғасына қатысты тергеу барысын баяндады

Қазір елімізде Прокуратура туралы жаңа Конституциялық заң әзірленуде. Аталған құжатта азаптауларды тергеп-тексеруде прокурорларға өкілеттік беру мәселесі қарастырылған. Қасым-Жомарт Тоқаев аталған ведомство халықпен байланысын жандандыру керек деді.

Кездесуде Бас прокурор бай-бағландардың шетел асырған қаржысын елге қайтару шаралары туралы да есеп берді. Оған қоса соңғы уақытта қоғамда резонанс тудырған қылмыстық істерге қатысы бар жандар жайлы айтты. Олардың жымқырған қаржысын шетел асыруына мүмкіндік бермеу қажеттігі сөз болды.