Хабар телеарнасы

ҚР Президенті Энергетика министрін қабылдады

Газ саласын дамытудың кешенді жоспарының пысықталу барысы туралы баяндады. Қасым-Жомарт Тоқаев Энергетика министріне еліміздің жылу энергетикалық нысандарында апаттардың жиілеуіне, атап айтқанда, Петропавлдағы екінші Жылу Электр Орталығындағы жағдайға қатысты мәселемен айналысуды тапсырды.

Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазынаның» басқарма төрағасын қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаевқа қордың биылғы үш айда атқарған жұмысының нәтижесі туралы есеп берілді. Алмасадам Сәтқалиев Президентке Қордың өндірістік, қаржылық көрсеткіштері мен осы жылға арналған болжамдары жөнінде баяндады. Берілген мәліметтерге сәйкес, Қор қазірдің өзінде жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізген, қарқын әрі қарай да сақталмақ. Басқарма төрағасы Мемлекет басшысына Қордың маңызды жобаларының жүзеге асырылу барысы және олардың санын көбейту мүмкіндігі туралы айтты. Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының жұмысына қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.