Хабар телеарнасы

Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық серіктестікті дамытудың перспективалары да талқыланды. Шавкат Мирзиёевтің Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары аясында қол жеткізілген уағдаластықтарды тиімді іске асыруға, сондай-ақ сыртқы экономикалық ахуалдың кері әсерін азайтуға бағытталған күш-жігерді тығыз үйлестіруге баса мән берілді.

Әңгіме соңында Президенттер бір-бірін Наурыз мерекесімен құттықтады.