Хабар телеарнасы

Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Шавкат Мирзиёевтің Қазақстанға мемлекеттік сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асырудың маңызды екенін атап өтті. Мемлекет басшылары екі ел үкіметтерінің сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыруға, сондай-ақ жаңа сын-қатерлерді еңсеруге бағытталған алдағы іс -қимылдары жөнінде уағдаласты.