03:14Әрі қарай: ҚР Әнұраны
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады

  • Категория: Саясат
Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдап, Ұлттық банктің әлемдегі геосаяси жағдайға және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған іс-әрекеттері туралы есебін тыңдады.

Сондай-ақ қаржы және баға тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар, соның ішінде халықтың теңгемен салған салымдарын қорғау, сыртқы және ішкі секторлардағы негізгі қатерлер ескеріле отырып, ақша-несие саясатының іске асырылу барысы туралы да баяндалды. Ғалымжан Пірматов валюта нарығындағы ахуал, Ұлттық банктің алтынвалюта резервтерінің және Ұлттық қор активтерінің жай-күйі туралы айтты. Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.

 

Сондай-ақ...