Хабар телеарнасы

Қ.Тоқаев: Қазақстан арағайын болуға дайын

Қ.Тоқаев: Қазақстан арағайын болуға дайын

Қасым-Жомарт Тоқаев кескілескен соғысты тоқтату үшін қос тарапты ортақ мәмілеге келуге шақырды. Өкінішке қарай, Минскідегі келіссөздер тек қағаз жүзінде қалды. Себебі әскери ұрсы әлі жүріп жатыр. Геосаяси жағдай тіпті ушыға түсті. Енді осы Украина аумағындағы ұрыс-керісті дереу доғару үшін Мемлекет басшысы қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді. Тек сенім керек екенін тілге тиек етіп, бейбіт өмірсіз дамудың болмайтынын еске салды.