Хабар телеарнасы

Ұлттық банк төрағасы болып Ғалымжан Пірматов тағайындалды

Депутаттар бірауыздан қолдады. Ғалымжан Пірматов осы күнге дейін «Қазатомпром» Ұлттық компаниясын басқарған. Оның төрағалығы кезінде компания халықтық IPO-ға шығарылған болатын. Сондай-ақ Пірматов беделді шетелдік компанияларда, Halyk bank пен БТА банкінде жұмыс істеген.