Хабар телеарнасы

Мемлекет басшысы «ЛУКОЙЛ» мұнай компаниясының президенті Вагит Алекперовті қабылдады

Соңғы жылдары Каспий теңізінің қазақстандық бөлігін игеру бойынша ынтымақтастық қарқынды дамып келеді. «Жеңіс» және «Әл-Фараби» жобалары аясындағы жер қойнауын пайдалануға қатысты келісімшарттар жасалып, жұмыстар басталды. Сондай-ақ «ЛУКОЙЛ» компаниясы – «Қаламқас-теңіз» бен «Хазар» теңіз кен орындарын игеру бойынша стратегиялық серіктес. Мемлекет басшысы қосалқы мердігерлік жұмыстарды жүзеге асыруға қазақстандық компаниялар мен жергілікті еңбек ресурстарын барынша тарту маңызды екенін атап өтті.