Хабар телеарнасы

Мемлекет басшысына елорданың әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық дамуы жөнінде мәлімет берілді

Соңғы үш жылда бұл көрсеткіш 3 еседен аса артқан. Бұл жөнінде Мемлекет басшысының қабылдауында болған Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мен Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов баяндады.

Қабылдау барысында бас қаланың әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық дамуы жөнінде мәлімет берілді. Биыл Нұр-Сұлтан қаласында тағы 40 көппәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталады. Одан бөлек, 16 мектеп салынады деп жоспарланған.

Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік нысандар құрылысының көлемін ұлғайту, тозығы жеткен ескі тұрғын үйлерді сүру және жаңа тұрғын үй алаптарын дамыту қажет екенін ерекше атады. Жұмыс орындарын ашу мен жастарды қолдау мәселесі де басым міндеттердің бірі екендігін еске салды.

Кездесу қорытындысы бойынша Президент Елорданы одан әрі дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берді.