Хабар телеарнасы

Нұрсұлтан Назарбаев өкілеттіктерінен айырылды

Бұл өкілеттілік енді Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа өтеді. Жоғары палата депутаттары тиісті заң жобасын мақұлдап, тағы бір өзгеріс енгізуді ұсынды. Нақтырақ айтқанда, сенаторлар мемлекеттік бастамаларды Елбасымен келісу қажеттілігін жою керек екенін алға тартып отыр. Бұл норма бүгінде «Тұңғыш Президент – Елбасы туралы» Конституциялық Заңда жазылған.

Енді сенаторлар өз түзетулерін ұсына отырып, заң жобасын төменгі палатаға қарауға қайтарып отыр. Бұл түзетуді Мәжіліс депутаттары қабылдағаннан кейін Заң жобасы Президентке қол қоюға жіберіледі.

Ләззат Сүлеймен, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Заңды талқылау барысында бір норма енгізіліп отыр. Яғни Тұңғыш Президент туралы заңнан мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатына байланысты бастамаларды Елбасымен келісуге тиіс деген норма алып тасталып отыр. Сондықтан Сенат заңнамаға енгізген өзгерістерді қолдап, осы бір өзгеріспен Мәжіліске қайтарып отыр.