Хабар телеарнасы

Қ. Тоқаев: қауіпсіздікке жауап беретін барлық құрылымның жұмысын өзгерту қажет

Енді мұндай олқылықтың қайталануына жол бермеу үшін азаматтардың қауіпсіздігіне жауап беретін барлық құрылымның жұмысын өзгерту қажет.

Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында Мемлекет басшысы осылай деді. Қасым-Жомарт Тоқаев қоғам мен мемлекеттің қорғанысын күшейту үшін нақты шаралар атқаруды тапсырды. «Барлық мемлекеттік орган өткен оқиғадан сабақ алып, ұлттық қауіпсіздік жүйесі кез келген сын-қатерге төтеп беруге дайын болу керек», - деді.