Хабар телеарнасы

Салықтан жалтаратын бизнеске жаза күшейтіледі

Салықтан жалтаратын бизнеске жаза күшейтіледі

Соның бірі – салық жүйесін жетілдіру. Президент ірі кәсіпорындар салық төлеуден жалтарып жүргендігін айтты. Және бұлай жалғаса берсе, қатаң шаралар қолданылатын болады деп ескертті. 2020 жылы қазынаға бизнестен түскен салықтық түсімдер 34,6 млн АҚШ доллары болған. Бұл Жалпы ішкі өнімнің 20% ғана. Ал бұл көрсеткіш көрші елдерде әлдеқайда жоғары. Тіпті Қырғызстанның өзінде 31% жетеді, деп атап көрсетті Қасым-Жомарт Тоқаев. Елдегі бизнес салықты төлемесе – мемлекет өзінің әлеуметтік және экономикалық міндеттемелерін орындай алмайды.