Хабар телеарнасы

Ә. Смайылов «Самұрық-Қазына» АҚ реформалау жөнінде кеңес өткізді

Ә. Смайылов «Самұрық-Қазына» АҚ реформалау жөнінде кеңес өткізді

Аталған құрылымды реформалаудың ұсынылып отырған жолдары туралы «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев, Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров және басқа да мемлекеттік органдардың басшылары баяндады. Үкімет басшысы қызметтің тиімділігі мен ашықтығын арттыру, сондай-ақ жұртшылық тарапынан бақылауды күшейту мақсатында «Самұрық-Қазына» АҚ-ны реформалаудың ұсынылған шараларын одан әрі пысықтауды тапсырды.