Алматыда қираған көліктер шығыны өтелуі мүмкін
- Категория: Саясат

Алматыдағы бүлік кезінде қарапайым қала тұрғындарының қираған, өртенген көліктерінің шығыны өтеледі, тек дәлел болуы тиіс.
Бұл туралы бүгін қала әкімінің орынбасары Ілияс Өсеров мәлім етті. Өтемақы жасау ережелері әлі дайындалып жатыр. Ұсыныс үкіметтік деңгейде қабылданса, нақты механизмдері жарияланады. Қаладағы бүліктен жеке тұлғалардың 155 автокөлігіне залал келген. Жалпы шығын көлемі 2 миллиард теңгеден асады.