Хабар телеарнасы

Қазақстан-АҚШ: қаржы шоттары туралы ақпартпен алмасады

Қазақстан біздің елде шот ашқан Америка азаматы туралы барлық ақпаратты жинап, АҚШ үкіметіне беріп отырады. Дәл осылай АҚШ-та бізге шот ашқан қазақстандық туралы ақпарат беруге міндетті. Мәжілісте заң жобасы туралы ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров баяндама жасады. Оның айтуынша, келісім қаржы жүйесіндегі бақылауды сақтауға, салықтарды жинауға мүмкіндік береді.