Хабар телеарнасы

Қ. Тоқаев: теңгеге деген сенімді қайтару керек

Ал инфляция 2025 жылға дейін 3-4% дәлізінде болуы керектігін Президент қадап айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы жылдары баға өсімі ел дамуын тежейтін басты проблема екендігіне ерекше тоқталды. Сондықтан жауапты органдар валюта нарығын реттеуі тиіс. Президент жүктеген міндеттерді орындауға Үкіметке 3 апта уақыт берілді. Келер жылға жоспарланған бағдарламалар биыл ақпан айында өтетін Үкіметтің кеңейтілген отырысында егжей-тегжейлі талқыланатын болады. Сондай-ақ Президент алдағы 5 жылда депутаттар мен министрлердің жалақысын арттыруға тыйым салды.

Өткен жылы қоғамда бұл мәселе қызу талқыланған. Менің ойымша, Үкімет мүшелері, облыс әкімдері мен депутаттардың жалақысын өсіруге 5 жылға мораторий жариялау керек. Бұл Мәжіліс депутаттары үшін жағымсыз жаңалық екенін түсінемін. Мұны сіздер түсінетін шығарсыздар. Экономика өсіміне байланысты әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің, бюджет қызметкерлердің жалақысын көтереміз.