Хабар телеарнасы

Қ. Тоқаев жанқиярлық көрсеткен әскерилерді наградтады

Дастан Әділбай, Дархан Барғанаев, Жандос Жағалбаев, Андрей Кабдинов, Рахат Сланбеков ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен наградталды.

Нұрболсын Алмасов, Айбат Аманов, Ален Асылханов, Жайық Әділхан, Мейірхан Бітім, Ербол Ержанов, Дәулет Жұпарбеков, Мадияр Қайсаров, Ринат Қамбетов, Ғабдолла Смайылқанов, ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен және Әділ Нұркенов «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен наградталды.

ІІ дәрежелі «Айбын» ордені берілді:

  1. Әділбай Дастан Әділбайұлы (марқұм) – Ұлттық қауіпсіздік комитеті Жамбыл облысы бойынша департаментінің бөлім бастығы;
  2. Барғанаев Дархан Ермекұлы (марқұм) – Ішкі істер министрлігі Алматы облысының полиция департаменті жедел қимылдау арнайы жасағының инспекторы;
  3. Жағалбаев Жандос Мұхтарұлы (марқұм) – Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара академиясының аға офицері;
  4. Кабдинов Андрей Вячеславович (марқұм) – Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара академиясының кафедра бастығы;
  5. Сланбеков Рахат Нұрбайұлы (марқұм) – Ішкі істер министрлігі Жамбыл облысының Тараз қаласы полиция басқармасының 1-бөлімінің учаскелік инспекторы.

ІІІ дәрежелі «Айбын» ордені берілді:

  1. Алмасов Нұрболсын Ғаниұлы (марқұм) – Ішкі істер министрлігі Алматы қаласы Полиция департаментінің көлік жүргізуші-полицейі;
  2. Аманов Айбат Ерболұлы (марқұм) – Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы 5514 әскери бөлімінің әскери қызметшісі;
  3. Асылханов Ален Мұхитұлы (марқұм) – Ішкі істер министрлігі Алматы қаласы Полиция департаменті Алмалы ауданы полиция басқармасының көлік жүргізуші-полицейі;
  4. Әділхан Жайық Ұғұлқанұлы (марқұм) – Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара академиясының бөлімше командирі;
  5. Бітім Мейірхан Ержанұлы (марқұм) – Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара академиясының курсанты;
  6. Ержанов Ербол Тілеубекұлы (марқұм) – Ішкі істер министрлігі Алматы облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті ЛА-155/16 мекемесінің аға бақылаушысы;
  7. Жұпарбеков Дәулет Бауыржанұлы (марқұм) – Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара академиясының курсанты;
  8. Қайсаров Мадияр Оразалыұлы (марқұм) – Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы 5547 әскери бөлімінің әскери қызметшісі;
  9. Қамбетов Ринат Талғатұлы (марқұм) – Ішкі істер министрлігі Алматы қаласының Полиция департаменті Алмалы ауданы полиция басқармасының көлік жүргізуші-полицейі;
  10. Смайылқанов Ғабдолла Ғалымұлы (марқұм) – Қорғаныс министрлігі 21751 әскери бөлімінің маманы

«Жауынгерлік ерлігі үшін» медалі берілді:

  1. Нұркенов Әділ Дулатұлы (марқұм) – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің кіші жедел уәкілі.