Хабар телеарнасы

А. Үкібай: Елбасы Нұр-Сұлтан қаласында

«Елбасы Қазақстан астанасында, Нұр-Сұлтан қаласында. Қасақана жалған және екіұшты ақпарат таратпауды сұраймыз. Елбасы бірнеше консультативті кездесулер өткізіп жатыр және Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен тікелей байланыста», – деп жазды Айдос Үкібай Твиттер парақшасында. Сонымен бірге Н. Назарбаев Қазақстанмен дос мемлекеттердің басшыларымен телефон арқылы сөйлескен. «Елбасы қазіргі сын-қатерлерді еңсеріп, еліміздің тұтастығын қамтамасыз ету үшін барлығын Қазақстан Президенті маңында жұмылуға шақырады», – дейді А. Үкібай.