Хабар телеарнасы

Қ. Тоқаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкеновті қабылдады

Министрдің сөзінше, жаңа жылдан бастап төменгі жалақы деңгейі 60 мың теңгеге дейін жетеді, 591 мың қызметкердің айлығы өседі. Қазіргі таңда еліміздегі жұмыссыздық деңгейі – 4,9%. Екі қолына бір күрек іздеген азаматтардың 33% жұмысты онлайн іздеген. 26 мың жәрдемақы электронды түрде рәсімделген. Сондай-ақ, биыл 988,8 мың адам атаулы әлеуметтік көмек алған. Серік Шәпкенов әлеуметтік кодекс әзірлеу, зейнетақы жүйесін жаңғырту, кәсіби біліктілікті арттыру мен көші-қон саясаты туралы баяндады. Қасым-Жомарт Тоқаев министрге осы бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыруды тапсырды.