Хабар телеарнасы

Елбасының атына Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай шетелдік басшылардан құттықтау хаттар мен жеделхаттар келіп түсті

Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстан халқын Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтап, тыныштық пен бақ-береке тіледі. Сондай-ақ Тәжікстан, Қырғыз Республикасы мен Түрікменстан президенттері де тәуелсіздік мерейтойымен құттықтап, жылы лебіздерін жолдады.