Хабар телеарнасы

Қ. Тоқаев АҚШ президенті Джозеф Байденге көңіл айту жеделхатын жолдады

Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан жақындарынан айырылған отбасыларға қайғырып көңіл айтамын. Табиғи апаттан зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін,­ – делінген жеделхатта.

«Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан жақындарынан айырылған отбасыларға қайғырып көңіл айтамын. Табиғи апаттан зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін. Осындай қиын-қыстау сәтте достас АҚШ халқымен біргеміз және климаттың өзгеруіне қарсы күрестегі жаһандық іс-қимылдарға қосыламыз».