Хабар телеарнасы

ҚР ІІМ басшысы Ерлан Тұрғымбаев: Қазақстанда қылмыс деңгейі 5% төмендеді

Атап айтқанда, кісі өлтіру 15, ал тонау және бұзақылық 20% азайған. Бүгін бұл жайында президентке Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев баяндады. Министр Президентке полиция жұмысының сервистік моделіне көшу, «жақын жердегі полиция» қағидатын енгізу, учаскелік инспекторлардың қызметін реформалау және олардың өкілеттіктерін кеңейту барысында атқарылып жатқан жұмыстар туралы есеп берді. Сонымен қатар Президентке ішкі істер органдарын цифрландыру, полиция учаскелері мен қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде жаппай бейнебақылау құрылғыларын орнату барысы да айтылды. Мемлекет басшысы ішкі істер органдарының қызметіне оң баға беріп, азаматтардың конституциялық құқығын қорғауды, қоғамдық тәртіпті сақтауды және жол қауіпсіздігін күшейтуді тапсырды.