Хабар телеарнасы

Мемлекет басшысы Қырғыз Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы – Министрлер кабинетінің төрағасы Ақылбек Жапаровты қабылдады

Елдер арасындағы сауда айналымы биылғы 9 айда 9%-ке артып, 680 миллион долларға жеткен. «Ынтымақтастықтың барлық әлеуетін пайдалана отырып, осы бағыттағы жұмыс қарқынын үдете түсу қажет», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Ақылбек Жапаров өз кезегінде кездесуге мүмкіндік бергені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс білдіріп, Қазақстан Президенті мен оның халқын Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтады. Сондай-ақ ол екі ел үкіметтерінің арасында жүргізілген келіссөздердің табысты болғанын айтып, оның қорытындылары Қазақстан Президентінің Қырғызстанға жоспарлап отырған келесі жылғы сапарының сапалы әрі мазмұнды болуына септігін тигізетініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Бұл сапарыңыз өте маңызды. Мен жақында телефон арқылы Садыр Нұрғожаұлы Жапаровпен сөйлестім. Біз екі ел арасындағы қарым-қатынас жөнінде пікір алмастық, сөйлестік. Жақында ғана Қырғызстанда Парламенттік сайлау өтті, әлемнің реакциясы оң болды. Сондықтан баршаңызды қырғыз достарымызды құттықтаймыз.

Ақылбек Жапаров, Қырғыз Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы – Министрлер кабинетінің төрағасы:

- Осыны пайдаланып Сізді және бауырлас қазақ елін Қазақстан Республикасының егемендігінің 30 жылдығымен құттықтаймын. Біз көп жылдық достық және қызметтік байланыстарды біріктірген Қазақстанның иглікітеріне шын жүректен қуаныштамыз. Осы жылдар бойы біз бауырлас Қазақстанның қолдауын сезіп келгенбіз, қазір де сезіп жатырмыз.