Хабар телеарнасы

«Самұрық-Қазына» қорының кірісі екі есе өскен

Ол Президентке қордың жыл басынан бері атқарған қызметінің негізгі өндірістік көрсеткіштері мен қаржылық нәтижелері туралы баяндалды. Биылғы 10 айда «Самұрық-Қазына» компаниялар тобына 8,9 триллион теңгеден аса кіріс кірген, бұл жоспарланған мөлшерден 20% артық.

Компаниялар тобының операциялық табысы 1,2 триллиард теңгеден астам. Бұл былтырғы көрсеткіштерден 2 есе көп. Оған мұнайдың қымбаттауы, жүк тасымалынан түсетін кірістің артуы, транзиттің өсуі және басқа да өндірістік көрсеткіштер ықпал еткен. Қасым-Жомарт Тоқаев кездесу соңында «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының жобалары бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.