16:00Әрі қарай: Телесериал «Клад могилы Чингисхана»
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Елбасы Серік Қирабаевтың отбасы мен туыстарына көңіл айтты

  • Категория: Саясат
Елбасы Серік Қирабаевтың отбасы мен туыстарына көңіл айтты

Нұрсұлтан Назарбаев көрнекті әдебиеттанушы, сыншы, филология ғылымының докторы, Ұлттық ғылым академиясының академигі Серік Қирабаевтың дүниеден өтуіне байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

«Саналы ғұмырын басыбүтін ғылыми-педагогикалық қызметке арнаған Серік Смайылұлы отандық әдебиеттану саласын дамытуға қомақты үлес қосқан ірі ғалым болды. Үнемі азаматтық айқын ұстанымын танытып, қажырлы қайраткерлігімен еліміздің өсіп-өркендеуіне атсалысып, көптің сый-құрметіне бөленді, соңына мәнді ғылыми зерттеулері мен ізбасар шәкірттерін қалдырды», – делінген жеделхатта.

Сондай-ақ...