Хабар телеарнасы

Президент Мажарстанның Қаржы министрі Михай Варгамен кездесті

Венгрия Премьер-министрінің орынбасары – Қаржы министрі Михай Варга Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуінде осылай деді. Ол Мемлекет басшысына пандемия кезінде көрсеткен қолдауы үшін алғыс білдірді.

Кездесу барысында сауда-экономикалық, қаржы, инвестиция және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты қатынастарды дамыту жайы қарастырылды. Сондай-ақ пандемияға қарсы күрес шараларына, климаттың өзгеруіне және аймақтық күн тәртібіне қатысты мәселелер талқыланды.

Кездесу соңында Президент ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін Михай Варганы II дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

 - Сізбен кездескеніме қуаныштымын. Біздің елдер арасында достық қарым-қатынас орнағаны белгілі. Сіздің сапарыңыз ынтымақтастығымыздың одан әрі дамуына серпін береді деген сенімдемін.

Михай Варга, Мажарстан Премьер-министрінің орынбасары – Қаржы министрі:

 - Президент мырза, сізді қайтадан кездестіргеніме қуаныштымын! Пандемия салдарына қарамастан біздің елдердің ынтымақтастығы әлі де берік. 2019 жылы сіз Мажарстанның Премьер-министрімен Қазақстанда кездестіңіз. Пандемияға байланысты біздің елге келе алмадыңыз. Алайда алдағы уақытта Мажарстанға сапармен келесіз деген үмітттеміз.