Хабар телеарнасы

Ел экономикасы пандемиядан соң қалпына келуде

Бұл жайында Президенттің қабылдауында болған Премьер-министр Асқар Мамин айтты. «Өңдеуші өнеркәсіптегі өндіріс көлемі 5,7%, ал құрылыс саласы 9,7% ұлғайды», - деді Үкімет басшысы. Оның айтуынша, министрлер кабинеті азық-түлік бағасын ұстап тұруға да барын салып жатыр.

Бұдан бөлек Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай баяндалды. Қазір барлық аймақта коронавирус жұқтыру деңгейі төмендеген, ауыр науқастардың, стационарда және амбулаторлық ем қабылдап жатқандардың саны азайған.