Хабар телеарнасы

ҚР Президенті ТМД ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің кезекті отырысына қатысады

Жиын 15 қазан күні Беларусь Республикасының төрағалығымен бейнебайланыс режимінде өтеді. Ел басшылары достастық аясындағы ынтымақтастықты тереңдетудің бүгіні мен болашағын талқыламақшы. Келер жылы ТМД ұйымына Қазақстан төрағалық етеді.