Хабар телеарнасы

Қ. Тоқаевқа бірқатар мемлекеттің елшілері сенім грамотасын табыстады

Арасында Таяу Шығыс, Еуропа, Латын Америкасы, Кариб бассейні, Африка және Тынық мұхиты елдерінің өкілдері бар. Президент бұл мемлекеттермен достық байланысты жан-жақты дамытуға дайын екенін айтты. Екі жақты қарым-қатынастарды дамытуға елшілердің де тың серпін береріне сенім білдірді.