Хабар телеарнасы

Қ. Тоқаев АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Уильям Мозерді қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Құрама Штаттар арасындағы стратегиялық серіктестікті кеңейтуге қосқан үлесі үшін америкалық дипломатқа алғыс айтты. Уильям Мозер елімізде жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық реформаларды жоғары бағалады. Сонымен қатар ол Вашингтонның Орталық Азиядағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ниетті екенін жеткізді. Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастыққа және аймақтық күн тәртібіне, соның ішінде Ауғанстандағы жағдайға қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Әңгіме соңында Мемлекет басшысы Уильям Мозерге алғыс хат пен арнаулы төсбелгі табыстап, алдағы атиялық қызметіне жетістік тіледі.