Хабар телеарнасы

Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Тәжікстан президентінің қазақ-тәжік достық қарым-қатынасы мен стратегиялық әріптестікті нығайтуға зор үлес қосқанын атап өтті. Президенттер сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту туралы талқылады. Эмомали Рахмон Душанбеде өткен қос саммитте белсенді атсалысып, жемісті жұмыс атқарғаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдірді. Тараптар жоғары деңгейдегі белсенді саяси диалогты сақтауды және халықаралық ұйымдар аясында өтетін алдағы кездесулердің кестесін талқылады.